Г.Бельгер
Әдебиет • 12 Мамыр, 2021
Формациялық даму үлгісі ғана емес, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсамайтын халықтардың арасын жақындата түскені үшін адам баласы ең алдымен әдебиетке қарыздар. Сөз өнері қиялымыз туғызған мына фәнидің жалған көрінісі екеніне қарамастан, ол бізге күрмеуі күрделі тіршіліктің тереңінде жасырынған құндылықтарды табуға көмектесіп келеді. Нәсілдік, діни-ғұрыптық айырмашылығымызға, қай жерде, (мейлі ол сахараның шөлі ме, әлде, теңіздің көк майса жағалауы ма, немесе тіпті шексіздігі сағымды да адастыратын кең байтақ дала ма) туып, пешенемізге қандай ұлттың өкілі болу тағдыры жазылғанына қарамастан әдебиет бәрімізді мұңайтатын, қуантатын, табыстыратын, таңғалдыратын, біріктіретін, аяушылығымызды оятып, бауырмашылдық сезімімізді арттыра түсетін, ақылмен түсіндіріп бере алмайтын, біздің санамыздан да биік тұрған – Құдайдың құпиясы.