Дүние дос
Абай • 09 Тамыз, 2021
Абай, «дүние дос» және кавер-версия
Музыкада кавер-версия (cover version) деген ұғым бар. Бұл – бір автор (композитор, әнші) шығармасының басқа автор тарапынан өз қалауынша өңделген нұсқасы. Ремикс (remix), ремейк (remake) деп жүрген нәрселер де осыған маңайлас. Бір қызығы, бұл құбылыс өзге өнер түрлерімен қатар, әдебиет әлеміне де еніп кетіпті. Екі-үш жыл бұрын орыс поэзиясының классигі Николай Заболоцкийдің «Әдемі емес қыз» деген өлеңіне 32 ақынның кавер-версия жазып, шығармашылық сайысқа түскені – соның бір мысалы.