Дәмір Ергеш
Қоғам • 29 Маусым, 2023
Ташкент облысындағы қазақ мәдениетінің жоқшысы
Дәмір Ергешұлы Қалдыбаев 1953 жылы 20 мамырда Ташкент уәлияты Жоғары Шыршық ауданының Йік ата ауылында зиялы отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Ергеш тарих пәнінің мұғалімі болып мектепте, ал анасы Қаншайым байланыс бөлімінде, содан соң кітапханада жұмыс істеді. Алайда Дәмір олардың бес ұлы мен алты қызының ішіндегі тұңғышы болғандықтан әдеттегі қазақи дәстүр бойынша әжесі Қыздығойдың тәрбиесін көріп өсті.