Жазу туралы
Руханият • 13 Наурыз, 2022
Жазу туралы... Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ. Әр ақын өзінің әйтеуір бір жақсы өлең жазатынына сенеді, әр жазушы қаламынан алда бір жақсы шығарма туатынын күтеді. Жазудың иесі жазушы болғандықтан, көркем сөз дегеніңіз ақ қағазға судай құйылмай ма дерсіз. Жазу – мехнат, жазу – азап, тіпті «тәтті тозақ». Бұған классикалық шығармалар жазып қалдырған талай автордың сөзі, шығармасы, өмір жолы дәлел. Иә, ардың ісіне баланған әдебиетте жақсы жазу тек талантқа байланысты емес. Ақиқатында, қаламгердің жазуына оның шеберлігінен бөлек болмысы, мінезі, тәртібі, тұрмыс жағдайы, күн режімі, тіпті көңіл күйі де әсер етсе керек. Әлқисса.