Жалған мәмілелермен күресу
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
Заманауи инновациялық технологияларды қолдану салықтық әкімшілендіруді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтереді. Мәселен, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылы 300 миллиард теңгеден астам сомаға тауарларды нақты жөнелтусіз және қызметтер көрсетусіз шот-фактуралар жазып берген 2 мыңнан астам салық төлеушінің қызметін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.