Жамбыл облысы
Заң • Кеше
Президент тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Жамбыл облысында химия өнеркәсібі қарқынды дамып келеді
Отандық химия өндірісі, оның ішінде химия өндірісінің Әулиеата өңіріндегі қалыптасу жайында сөз қозғағанда оның тамыры терең тарихына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл өндірістің іргетасы облыстың құрылуымен тікелей байланысты. 1939 жылдың соңына таман шаңырақ көтерген облыстың алдында қыруар міндет тұрған болатын. Сол тұста орыс геологтары И.Машкара мен П.Л.Безруков Қаратау қойнауынан фосфор кенінің ірі қорын анықтап, 1,5 миллиард тоннаға жуық фосфор кенін барлап, толық сараптамасын жасаған. Осындай табиғат берген байлықты игеру аймақтың тағдырын түбегейлі өзгертіп, облыстың даңқын асқақтата түсті, деп жазады Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Маусым, 2025
Жамбыл облысында болат шығаратын жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Блогер жарнама түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында супермаркеттің жарнамасын түсіру кезінде блогердің агрессивті әрекеті оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 14 Маусым, 2025
Өнеркәсіптік даму: Жамбыл облысында заманауи шыны өндірісі іске қосылды
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында өңірдегі алғашқы шыңдалған шыны шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Индустриялық жобаны жергілікті кәсіпкер қаржыландырып, сәтті іске асырды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 09 Маусым, 2025
Теміржол кластері дамуда: Шу ауданында 100 жаңа жұмыс орнына арналған заманауи депо ашылды
Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалардың бірі – теміржол депосы сәтті іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 02 Маусым, 2025
Қордайдың қоңыр желіне кекілін таратып өскен әйгілі ғалым Мұхтарбай Өтелбаев туған жері Таразға келді. Жәй келген жоқ, әйгілі математик, ғаламдық деңгейдегі ғалымның «Ойлан, тап!» олимпиадасының құрметті қонағы болды. Бір сөзбен айтқанда жергілікті билік төрткүл дүние таныған ғалымға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2025
Халықаралық балалар күні мерекесінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Маусым, 2025
Қордайда 144 отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында тұратын 144 отбасы баспаналы болды. Салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімі Бегзат Болатбеков жаңа пәтер иелерін қуанышымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Мамыр, 2025
Жеті жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды
Бас прокуратураның хабарлауынша, борышкер әке мүмкіндігі бола тұра алимент төлеуге асықпаған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 25 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды анықтауға арналған экспресс-гистология іске қосылды.
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен онкологиялық ауруларды анықтауда аса маңызды саналатын диагностикалық әдістің түрі – экспресс-гистология іске қосылды.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Қарашөкеев мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында индустрияландыру картасы аясында жаңа жобалар жүзеге асырылуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Равиль Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Ауыл • 18 Мамыр, 2025
42 елді мекен 2 G-ге жіпсіз байланып отыр
Жамбыл облысында ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілсе де, қазіргі күнге дейін 43 елді мекен 2G- телміріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Мамыр, 2025
ЖИТС: Жамбылда 4 айда 44 жағдай тіркелген
Жамбыл облысында жұқтырылған иммун тапшылығы дертіне шалдыққандардың саны осы жылдың алғашқы төрт айында 44-ке жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Биыл Жамбыл облысының диқандарына екі есе көп су берілген
Осы жылғы суару маусымы басталғалы жамбылдық шаруалар 44 млн текше метр су алған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды. Басшыны департамент ұжымына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Үкіметте шегірткеге қарсы күрес шаралары пысықталды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 09 Мамыр, 2025
Қарашөкеев ардагерлерге құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлерінің шаңырағына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығын дамытудың алғышарты
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың алғышарты» тақырыбында өткен дала семинарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Бірлік мерекесіне ондаған этнос өкілі қатысты
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған өңірдегі барлық этнос өкілдері бір кісідей қатысып, достық дастарханын жайып, ұлттық киімдер додасында бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жүріп жатыр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Бауыржан Момышұлының мерейтойы басталды
Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес одағының батыры, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған іс-шаралар легі Баукең туған Жуалы ауданынан бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 28 Сәуір, 2025
75 пункт жетпейді, биыл 40 ғимарат салынады
Жамбыл облысында типтік үлгідегі 40 ветеринарлық пункттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның алғашқысы Байзақ ауданында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Таразда екі автобус соқтығысты: 11 жолаушы медициналық көмекке жүгінді
Таразда екі автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Сәуір, 2025
Жамбылда 2 ірі ЖЭК нысаны салынады
Жасыл экономикаға бет бұрған Жамбыл облысында жалпы қуаты 2 ГВт құрайтын екі жел электр стансасы салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Сәуір, 2025
Аудандық ауруханалар мәселесі май шаммен қаралады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселеге назар аударды. Мәселесі көп денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды зерделеу бойынша арнайы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2025
Батыр рухына құрмет көрсетілді
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы Жамбыл облысында кеңінен тойланып жатыр, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Экология • 19 Сәуір, 2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірген «Жасыл әлемді бірге құрайық!» экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған
Жамбыл облысының Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.