Жанболат Бабаков
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Екі саусақпен портрет салатын суретші
Кәсібилік пен еңбексүйгіштік қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет екендігі Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында ерекше айтылады. Абай атамыз «Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе» деген сөзінде «қолдан келсе» деп өнердің өлшеусіз еңбекті қажет ететіндігін ескертеді. Бірнеше жылдан бері елімізде кәсіби мереке ретінде аталып өтетін «Еңбек күні» қарсаңында өнер адамымен сұхбаттасқан едік. Біз сөйлескен азамат осыдан ондаған жыл бұрын кездейсоқ оқиға салдарынан үш саусағынан айырылса да, өнерін дамытып жүр. Екі саусақпен ғана портрет салатын суретші - Жанболат Бабаков.