Жүк көлігін заңсыз тіркеу
Оқиға • 15 Қазан, 2024
Қарағанды облысында 33 жүк көлігі заңсыз тіркелген
Қаржы мониторингі агенттігі ХҚО қызметкерлерінің көлік құралын бастапқы тіркеу жарнасын төлеуден және кәдеге жарату төлемінен босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN кодтары бойынша көрінеу жалған мәліметтер енгізгенін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.