Жүргіншіні қағып кеткен
Оқиға • 12 Наурыз, 2024
Жаяу жүргіншіні қағып, көзден тасаланған жүргізуші ұсталды
Семей қаласында Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.