Оқиға • 12 Наурыз, 2024

Жаяу жүргіншіні қағып, көзден тасаланған жүргізуші ұсталды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды. Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.

Жаяу жүргіншіні қағып, көзден тасаланған жүргізуші ұсталды

Фото: abai_department_police

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан көлік корпусының сынықтарын тауып, сол арқылы қашып кеткен 20 жастағы облыс орталығы тұрғынының Toyota Estima көлігін анықтаған.

«Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін жауапқа тартылды. Автокөлік сол күні арнайы автотұраққа қойылды. Дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Факт ерекше бақылауға алынды», деді Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.