Зиялы: парасат пен парыз
Егемен Қазақстан • 10 Сәуір, 2022
«Егемен Қазақстан» газеті «Зиялы: парасат пен парыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Редакция ғимаратының мәжіліс залында өткен келелі жиынға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі жазушы Төлен Әбдік, ардакүрең ақын Ғалым Жайлыбай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Мақпал Мыса, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, «AMANAT» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Максим Рожин, Ассамблея мүшесі Аскер Пириев, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай және елдордалық жас ақындар қатысты.Дөңгелек үстелді «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жүргізіп отырды.Сонымен қатар алқалы жиын аясында «Буырқанған бұла жыр» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Жинаққа соңғы жылдары «Егеменде» қызмет еткен және қызмет етіп жүрген жас ақындардың жырлары топтастырылған.