Инвест шешім
Қазақстан • 25 Қазан, 2024
Қазақстан - менің екінші отаным – Жоел Адамсон
1990 жылдың 25 қазанында азаттықтың алғышарты «Егемендік декларациясы» қабылданды. Қазақстан қазығын жеке-дара қаққан бұл күні елімізде Республика күні тойланады. Ұлық мерекені тойлау 2009 жылдан 2022 жыл аралығында үзіліп қалды. Рух мейрамын қайта мерекелеу бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың маусым айында Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда қайта көтеріп, Қазақстанның бас мерекесі ретінде атап өтуді ұсынды. Сол жылдың қыркүйегінде Республика күні заңды түрде қайта оралып, мөрлі жарлық басылды. Президентіміз ұлық мереке Тәуелсіздік тұғырын шегелеуді, оның қадір-қасиетін насихаттауды мұрат ететінін әрдайым еске салып келеді. Бұл күн - тарихи тағдырлы шешімдерге бойлап, болашақты ойлайтын айрықша дата.