Кеңес Нұрпейісұлы
Тұлға • 13 Наурыз, 2025
Бүкіл саналы ғұмырын қазақтың тарих ғылымына арнаған көрнекті әрі ғибраты мол ғалым, ұстанымы берік ұлағатты ұстаз, адамгершілік қасиеттерді алдыңғы қатарға қойған азамат, Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор марқұм Кеңес Нұрпейісұлының туғанына биыл 90 жыл. Қашанда жүзінен мейірім, сөзінен жылылық, тұлғалық болмысынан зиялылық пен парасаттылық құйылып тұратын Кең-ағаның арамызда жоқ екеніне сенгің келмейді. Академик талайға ғылымдағы бағыт-бағдарын айқындауға жәрдемдесіп, жол көрсетті.