Колледж
Технология • 23 Қазан, 2025
Колледжде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды
Елімізде білім беру мекемелерінің алдында еңбек нарығының сұранысына сай техникалық бағытта сапалы мамандарды даярлау міндеті тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай қазіргі кезде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай Алматы көпсалалы колледжінің базасында жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау мақсатында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 22 Қазан, 2025
Алматы колледжінде дрондар орталығы ашылды
Мемлекет басшысының техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру және жаңа форматтағы заманауи кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы көпсалалы колледжінің базасында «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы өз жұмысын бастады, бұл маңызды қадам болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Қазан, 2025
Жаңа оқу жылында колледждерге 189 мың талапкер қабылданған
2025-2026 оқу жылында қабылданған 189 мың талапкердің 145 мыңы – мемлекеттік тапсырыс бойынша екен. 9-сынып түлектерінің барлығы машина жасау, IT, энергетика, құрылыс сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 20 Қазан, 2025
«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды
Оны ойлап тапқандар – Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев. Олардың жобасында автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және ЖИ элементтері біріктірілген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
30 колледж корпоративтік басқаруға көшті
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды реформа басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 23 Қыркүйек, 2025
Колледж студенттері ТМД-да киберқауіпсіздік саласы бойынша үздік атанды
Астанадағыы Жоғары политехникалық колледж студенттері GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық турнирінде киберқауіпсіздік бойынша І -ші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Қыркүйек, 2025
Колледждерде сұранысқа ие мамандықтарға грант саны артты
Елімізде техникалық мамандар тапшы. Осы мәселені шешу мақсатында техникалық және инженерлік мамандықтарға көбірек гранттар қарастырылған. Бұл ретте жоғары оқу орындарына қоса колледждерге айрықша басымдық беріліп келеді. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануының да себебі – сонда, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Қыркүйек, 2025
Алматыда жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында жақында Өңірлік коммуникациялар қызметі мен Алматы қаласының білім басқармасы «Колледж түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысы» тақырыбында баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Тамыз, 2025
Колледждерге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Себебі eGov порталы мен «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 08 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылында «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады
1 қыркүйектен бастап елімізде алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 18 Шілде, 2025
Колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында шілденің 21-23 күндері аралығында өтеді. Оған елдегі барлық өңірден 100 жұмысшы мамандық өкілі қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Медициналық колледждерді биыл 29 мыңға жуық түлек тәмамдаған
Медициналық колледждердің 28 мыңға жуық түлегі (96,5%) мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған. Сәтсіз емтихан тапсырушылар саны-1034. Республика бойынша білімді бағалау қорытындысы бойынша орташа балл 75,3 құраған, бұл – бағалау шкаласы бойынша «жақсы» деңгей, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Шілде, 2025
Отандық колледждер интернационалдандырылып жатыр
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Шілде, 2025
Медицина колледжіне түсушілер үшін арнайы емтихандар енгізілді
Талапкерлерге қойылатын жаңа талап туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Енді бітірушілер медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан тапсырады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Шілде, 2025
Елімізде колледждерге арналған ақпараттық карта жасалып жатыр
«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік білім беру саласына арналған ақпараттық картаны әзірлеу үстінде. Бұл платформа еліміздегі колледждер туралы маңызды және жаңартылған мәліметтерді цифрлық карта түрінде жинақтап, қолданушыға қолайлы форматта ұсынуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 23 Маусым, 2025
Колледждерде студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
Қазақстанда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері халықаралық деңгейде кәсіби құзыреттерін растай бастады. Бұл бастама Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынып, білім алушылардың нақты дағдыларын мойындаудың жаңа құралы ретінде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 10 Маусым, 2025
Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады
Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Маусым, 2025
Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен «INNOVATION» республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Мамыр, 2025
Түркістан өңіріндегі колледжерде 9 жаңа мамандық ашылды
«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Түркістан өңіріндегі колледжерде 9 жаңа мамандық ашылды. Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация сынды жаңа мамандықтарға лицензиялар алынған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Мамыр, 2025
Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды
Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O - 2025 конференциясына арнайы шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 26 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаттары Щучинсктегі әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді
Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 20 Мамыр, 2025
Биыл 173 мың колледж студенті оқуын аяқтайды
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 13 Мамыр, 2025
Биыл 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасады
Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде колледждерді интернационалдандыру бойынша салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр, олардың қатарында шетелдердің жетекші білім беру ұйымдары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Мамыр, 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі артады
1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есе артады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Қостанайда жұмыс берушілер форумы өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Smart» орталығында өткен іс-шара барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өңірдегі «Allur», «KIA», «Агромаш» және «KamLiT» тәрізді жетекші кәсіпорындардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2025
Семей – Алаштың алтын бесігі. Осы бір қасиетті топырақта талай алыптар дүниеге келіп, азаттықтың алауын жақты, Алаш туын тікті. Сол ұлы мұраттың бастауы болған білім ордасы – бүгінгі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж. Бұл шаңырақ тек ұстаз даярлайтын қарапайым оқу орны ғана емес, қазақ руханияты мен ғылымының қайнар бұлағына айналған қасиетті білім ошағы.
Жастар • 17 Наурыз, 2025
Колледждер арасында «ТОП – 100 студент» байқауы өтеді
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП – 100 студент» конкурсы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 27 Ақпан, 2025
Колледждер сержанттарды даярлауды жалғастырады
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Елімізде екі әскери колледж ашылады
ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында екі жаңа әскери колледждің құрылатынын жариялады. Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, ал Қарағанды қаласында Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Ақпан, 2025
Ақтөбе колледжі директоры 108 студенттен 500 мың теңге жинаған
Ақтөбе қаласының №2 соты «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің» директоры Гүлбану Тәкішеваны коммерциялық пара алғаны үшін кінәлі деп таныды.