Көбейтұз
Аймақтар • 23 Шілде, 2020
Көбейтұзға көлікпен кірген жүргізуші кешірім сұрады
Полиция Көбейтұз көліне Toyota Land Cruiser көлігімен кірген жүргізушінің кешірім сұраған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналады
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұған дейін министрлік Көбейтұз көлін қорғау бойынша алғашқы шараларды қабылдаған. Министрлік мамандарының айтуынша, көлден алынған сынама кәдімгі қарапайым ас тұзымен бірдей екенін көрсеткен. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, еріктілер мен құқық қорғау органдарының арасынан көлді тексеретін топ құрылады. Қазір Экология министрлігі жағдайды талдап, қосымша шаралар әзірлеуде, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 22 Шілде, 2020
Министр Көбейтұзға залал келтіргендерге қандай шара қолданылатынын айтты
Мағзұм Мырзағалиев алдағы демалыс күндері ұлттық парктер мен демалыс аймақтарына рейд жасалатынын ескертті, - деп хабарлайды Egemen.k.
Экология • 21 Шілде, 2020
Экология министрлігі Көбейтұз көлін қорғау шараларын қабылдайды
Туристердің көл жағалауын қоқысқа толтырып ластауы және табиғи тұзды өздерімен бірге көп мөлшерде әкетуі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр. ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов бүгін көлге арнайы тексеріспен барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 20 Шілде, 2020
Экология министрлігі "Көбейтұз" көлін тексеруді бастады
Әлеуметтік желіде "Көбейтұз" қызғылт көлінен тұз сату туралы хабарламалар тарала бастады. Сатушылар коронавирусты емдеуге көмектеседі деп сендіреді. Осыған байланысты Экология министрлігінде тексеріс басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 11 Маусым, 2020
Ақмола облысы Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көлі емдік қасиетімен пайдалы. Әрі осы аудандағы ірі көлдердің бірі. Былтыр, ойда жоқта, Көбейтұз көлі көпшіліктің назарын аударды. Сол-ақ екен, көлді іздеп, жолға шыққандар көбейе бастапты. Неге дейсіз ғой?