Марал ишан
Поэзия • 09 Сәуір, 2025
Марал ишан туралы дастан жарық көрді
ХVIII ғасырда Ресейдің отарлау саясатына қарсы шығып, асыл дініміздің сақталып қалуына зор үлесін қосқан әйгілі Марал ишанның құрметіне дастан жазылды. Көлемді поэтикалық туындының авторы белгілі ақын Қанат Сапарбай. Шығармада ишанның қайраткерлік тұлғасы тұтастай аллитирациялық көркемдікпен бейнеленеді. Осы орайда Марал ишан мазмұнында автормен сұхбаттастық.
Жәдігер • 17 Қараша, 2023
Кенесары ханға Марал ишан тарту еткен Құран кітап Ясауи кесенесіне қойылды
Түркістанда Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қоюды ұсынған еді. Осы орайда бүгін кітапты кесенеге тапсыру шарасы өтіп, оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кенесары ханның ұрпақтары қатысты. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Маусым, 2023
Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды
Елімізде әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.