Марина Цветаева
Әдебиет • 14 Шілде, 2021
Ол туралы түрлі аңыз-әңгіме бар: бәлки, шын... бәлки, өтірік. Оның өлеңі де өзінің болмысы секілді «бөтен» сезілетін. Сонысымен «күміс дәуір әдебиетіндегі» поэзияға лирикалық жаңа бояу, цветаевалық дауыс алып келді. Кейде оның асқақ та өршіл өлеңдері кейбіреулердің сезімінен, намысынан, батылдығы мен сенімінен биік көрінеді. Ол Нобельді алған жоқ, тіпті көзі тірісінде туған жеріне де сыйған жоқ, дәлірек айтсақ, орыс қоғамы оны керек еткен жоқ: көрсе де көрмегендей болды, оқыса да оқымағандай кейіп танытты. Ақынның трагедиясы, міне осы тұстан басталды.