Милана Зубарева
Спорт • Бүгін, 20:19
Қарағандылық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
Гонконг қаласында өткен жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті медаль жеңіп алды. Осы жетістіктің қоржынына Қарағанды облысының спортшылары да сүбелі үлес қосып, ел намысын абыроймен қорғады - екі жүлде: күміс пен қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz