Михаин Лопес
TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021
Бостандық аралының бағына туған балуан
Талай жылдан бері төрткүл дүние жұртшылығын теңдессіз өнерімен тамсандырып жүрген тұлғалардың барлығын да Токиода алауы тұтанған XXXII жазғы Олимпия ойындарында бас қосты. Міне, сондай сүйегі асыл, рухы биік, шеберлік деңгейі шарықтау шегіне жетіп, атақ-даңқы алысқа тараған азаматтардың бірі – «Кубаның қара нары» атанған грек-рим күресінің хас шебері Михаин Лопес. Жапонияның бас шаһарында өтетін жарыста жер жаһан жанкүйерлерінің назары дәп осы апайтөске ауатыны сөзсіз. Оның өзіндік себебі де бар.