Мұрат Ахметов
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Мұрат Ахметов: Конституциялық реформа прокуратураның мәртебесін күшейтті
Бүгін – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі, заң үстемдігінің басты іргетасы саналатын Ата Заңымыздың қабылданғанына 28 жыл. Мемлекет атынан заңнама мен құқықтардың сақталуын қадағалап, бақылайтын прокуратура органдары үшін бұл мерекенің орны ерекше. Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Мұрат Ахметов Конституция күні қарсаңында «Egemen Qazaqstan» газетіне арнайы сұхбат беріп, прокуратура органдарының алдына қойылған міндеттер, заңдылықтардың сақталуы мен адам құқығының қорғалуы жайында келелі ойларымен бөлісті.