Мұстахим Ықсанов
Тұлға • 27 Наурыз, 2026
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Арна жағалағандағы арман Біз тұратын Тұздыбастау ауылын Үлкен Алматы арнасы қақ жарып өтеді. Ауылға кіре бергенде және шыға бергенде табаны мен екі жағы шегенделген, ал ауылдың ортасында төбесі тұтасымен жабылған. Бір көше үстімен созылып және бірнеше көше көлденең қиып өтеді. Қазақстандағы құрылыс инженериясының бір жетістігі осындай еді.
Руханият • 18 Сәуір, 2021
Адам мәңгі жасамайды. Мәңгі жасайтын – оның артында қалдырған өнегелі ісі мен өшпестей ізі болса керек. Осындай өлшемге сәйкес келетін халқымыздың адал ұлдарының бірі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көзі тірісінде аз сөйлеп, көп іс тындырып кеткен нар тұлға Мұстахим Ықсанов десек қателесе қоймаспыз. Оның арғы тегі қазақ жыраулық поэзиясының ізашары Шалкиіз Тіленшіұлынан тамыр тартса, берісі қазақ өлеңін жаңаша түр, өзгеше өрнекпен байыта білген Алаштың ойшыл ақыны Ғұмар Қарашпен түйіседі.