Мәжілісмендер өңірлерде
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Депутаттар жағдай толық тұрақталғанша тұрғындар арасында болады
Елдің солтүстік және батыс өңірлеріндегі елді мекендерге тасқын судың келуі толастамай тұр. Сондықтан Мәжiлiс депутаттары жағдайды бақылау үшiн аймақтарда жүр. Олар апатқа қарсы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесіп, зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.