Нысана көздеу спорты
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Париж Олимпиадасына ең алғашқы жолдаманың бірін жеңіп алған спортшы
Төртжылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Бұл спортшылар үшін ең жауапты және маңызды кезең басталғанын білдіреді. Өйткені алдағы жарты жылда олар Олимпиадаға жолдама жеңіп алуға тырысып, Париждегі дүбірлі додаға дайындалуы керек. Қазіргі уақытта ұлттық құрама қоржынында Олимпиаданың 19 жолдамасы бар. Ел спортшыларынан Париждегі дүбірлі додаға ең алғашқы жолдаманың бірін Ислам Сәтбаев жеңіп алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.