Нұрғиса Тлендиев
Тұлға • 01 Сәуір, 2025
Нұрғиса: Біртуар өнер тұлғасы өмірінің белгісіз беттері
Куә бол, айым… Бұл әңгімені жазуға талай рет оқталдым. Отырып та көрдім, ақ қағаз бен қара қаламды әурелеп те көрдім. Бірақ ештеңе өнбеді. Таңғалдым. Неліктен? Нұрғиса ағамен он сегіз жыл бойы араласқан едім. Күндіз-түні десе де болғандай. Мен білмейтін сыры қалмаған сияқты еді. Менсіз дастарқан басына отырмайтын. Шақырып алатын немесе өзі келетін.