Нәзипа Шанаи
Қоғам • 30 Қазан, 2020
Нәзипа Шанаи: Әр ұлт өкілінің Қазақстанға сіңірген еңбегі көп
Біз Ата заңымызда азаматтардың ұлтына, діні мен тіліне қарамастан, партиялық немесе басқаша өзгешелік көзқарасына қарамастан бәріне бірдей құқық бергенбіз. Біздің азаматтарымыздың Қазақстан алдында жауапкершілігі мен құқығы тең. Мысалы Еуропада ұлттың санына қарай бөлшектеп құқық береді. Ал оның қандай жағдайға әкелетінін өзіңіз де бағамдай беріңіз. Егер де Қазақстанда 23% орыс тұратын болса, олардың құқығы 23%, сондай-ақ 0,1% дүнген тұратын болса, онда олардың құқығы мүлдем жоқ болып қалуы мүмкін.