Оразбек Сәрсенбай
Әдебиет • 02 Маусым, 2021
Жазушы Оразбек Сәрсенбай туралы бір үзік сыр
Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиет аспанында жасындай жарқ еткен бір шоғыр жас буын жарық жұлдыздардың ортасынан ойып тұрып орын алған Оразбек Сәрсенбай, «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы» деп ұлы Абай айтқандай, алғаш қазіргідей қара сөздің емес, сара сөздің саңлағы болып танылғанын көзіқарақты оқырман қауымы жақсы біледі. Білгенде де ақын Оразбектің сол 1962 жылы республикалық жастар газеті «Лениншіл жастың» (қазіргі «Жас Алаш») бетінде жарық көрген «1961 жыл» публицистикалық поэмасы әдебиеттің айналасында жүрген жайсаңдардың өздерінің төбелерінен жай түсіргендей айды аспанға бір-ақ шығарғанынан да, соңы үлкен шу мен дау-дамайға айналғанынан да хабардар болатын.