ОҚКА
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Алматы хирургтары науқастың аяғын сақтап қалды
Мегаполистегі Орталық қалалық клиникалық ауруханасына сол жақ аяғының критикалық ишемиясына шалдыққан науқас шұғыл жеткізілді. Мамандар оны тексерген кезде сыртқы мықын артериясына ұласатын жалпы мықын артериясы субокклюзиясына душар болғанын анықтайды, демек бұл тіндердегі қан айналымы әбден зақымданды деген сөз. Мұндай жағдайда әрбір минут маңызды, өйткені, дер кезінде көрсетілмеген көмек науқастың аяғынан айрылуына себеп болатын еді.