Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

Алматы хирургтары науқастың аяғын сақтап қалды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполистегі Орталық қалалық клиникалық ауруханасына сол жақ аяғының критикалық ишемиясына шалдыққан науқас шұғыл жеткізілді. Мамандар оны тексерген кезде сыртқы мықын артериясына ұласатын жалпы мықын артериясы субокклюзиясына душар болғанын анықтайды, демек  бұл тіндердегі қан айналымы әбден зақымданды деген сөз. Мұндай жағдайда әрбір минут маңызды, өйткені, дер кезінде көрсетілмеген көмек науқастың аяғынан айрылуына себеп болатын еді.

Алматы хирургтары науқастың аяғын сақтап қалды

Критикалық ишемия деп отырғанымыз – бұл тіндерге оттегі мен қоректік заттар жеткіліксіз болатын ауыр дерт. Нәтижесінде ауырсыну пайда болады, аяқ-қол тінінде трофикалық өзгерістер өршіп, осыдан кейін некроз басталады. Дер кезінде ем-дом жүргізілмесе, кеселі  асқынып, нәтижесінде гангрена, сепсис пен аяқ-қолдың ампутациясына алып келеді.

Осындай жағдайда қалайда науқастың аяғын сақтап, қан айналымын қалпына келтіру үшін қан тамырлары хирургы Сұлтан Илиев МӘМС шеңберінде мықын артериясын стенттеу операциясын жасады.

Барынша зақымы аз операция зақымданған тамырды кеңейтіп, қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Осылайша операция барынша сәтті өткендіктен, ауыр асқынулардың жолы кесіліп, науқасты қайта аяғынан тұрғызды.

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында қолданатын озық эндоваскулярлық технологиялар қан тамырлары ауруларының ауыр түрлерін тиімді емдеуге жол ашып отыр.

 АЛМАТЫ