Панч
Қоғам • Бүгін, 17:12
Анасын іздеген Панч: Кішкентай маймыл жер бетін қалай мейірімге бөледі?
Жұмсақ ойыншықтың бауырына тығылған кішкене маймыл көпшілік көңілін елжіретті. Оның есімі – Панч. Былтыр ғана дүниеге келген. Бірақ енесі туа сала одан бас тартқан. Баласын сыртқа теуіп, жеріп кеткен. Қазір үлкен макакалар арасында қорғансыз қалған Панч ойыншық «анасын» жанынан тастамайды. Адам тағдырына сонша ұқсас бұл жағдайды жануарлар психологиясы арқылы зерделеп көрдік.