Пекин олимпиадасының чемпионы
Бокс • 31 Шілде, 2024
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ерлер құрамасын сынға алды
Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесулерінде ерлер сапынан үш боксшы алғашқы айналымда-ақ жеңілді. Олар: 71 келіде Асланбек Шымбергенов, +92 келі салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев және 57 келіде Махмұд Сабырхан. Осы сәтсіздікке қатысты 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада 69 келіде чемпион атанып, алтын медаль тағынған Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.