Протатиптер
Әдебиет • 13 Ақпан, 2022
Бүгін тағы да әдеби прототиптер туралы сөз қозғаймыз. Көркем шығарма жазуға жүректі қозғаған сәттер һәм оқиғалар, адамдар ғана емес, кейде ақынның өлеңі де себеп болады. Кейіпкердің поэзиядан прозаға ауысуы әдебиетте бар болғанымен, сирек кездеседі. Ақынның лирикалық өлеңін әңгімеге айналдыру үшін ол жырдың қуаты қандай болуы керек дейсің. Бәрінен бұрын ақын кешкен сезімнен туған өлеңді жазушы жазса, демек ол кейіпкер лирикалық параллельге айналады.