Резервтен 16 млрд теңге бөлінді
Үкімет • 30 Сәуір, 2024
16 млрд теңге бөлінді: Қызылорда, Кентау, Риддер жылу көздері жаңғыртылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкімет еліміздің жылу электр кешенін ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Кентау, Риддер, Қызылорда қалаларындағы жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.