Рельс шығаратын кәсіпорын
Аймақтар • 04 Сәуір, 2025
Кәсіподақ өкілдері рельс шығаратын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті
Кәсіподақтар федерациясы өкілдері жылына 200 мың тонна рельс пен 230 мың тонна фасонды прокат шығарып, ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отырған «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» еңбеккерлерімен кездесті. 860 адам еңбек ететін кәсіпорынның 120 метрлік ұзындықтағы термоберік рельстері «Алматы –Шу» теміржолы, «Құрық» теңіз порты құрылыстарына пайдаланылып келеді. Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалына да осы зауыттын өнімдері төселген, деп жазады Egemen.kz.