
Өндірісте жаңадан енгізілген металл шыңдау технологиясын қолдану арқасында рельстердің төзімділігі мен беріктігі артқан. Кәсіпорынның технологиялық лабораториясын басқаратын Әділ Әлімбаев Қарағанды индустриалды университетінің түлегі. Он жыл бұрын оқу орнын бітірген бойы зауытқа токарь болып орналасқан. Қатардағы жұмысшыдан 1 санаттағы инженер-технологқа дейін көтерілген.
Ол кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдинаға рельс өндірісіндегі жаңа технологияларды таныстыра отырып, еліміздің металлургия саласын жаңарту жөнінде ұсынысын білдірді.
«Металлургия кәсіпорындары өнім сапасын арттыру мен экология, еңбек қауіпсіздігін қорғауда жетекші ғалымдарды тарта отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деген пікірдемін. Өйткені, қазіргі уақытта заманауи өндіріс міндетті түрде ғылыми шешімдермен қатар дамуы керек», дейді Әділ Әлімбаев.