Рубльдің «салқыны» теңгеге тимейді
Экономика • 01 Наурыз, 2022
Рубльдің «салқыны» теңгеге тимейді
Ресейдегі қаржы ахуалдың нашар боларын жексенбінің кешінде, әлемнің көптеген мемлекеті оларды оқшаулай бастағаннан-ақ (Орталық банк активтерінің бұғатталуы, Еуроодақ санкциялары) байқаған едік. Айтқандай, жаңа апта рубль үшін аса ауыр соққы болды. Ресей валютасы тарихында болмаған құлдырауға ұшырап, 1 доллар 100 рубльден асып кетті.