Рәбиға сыздықова
Әдебиет • 24 Қазан, 2024
Адамзат тарихында ғажап табиғатымен, толағай тума талантымен, қарымды ісімен заманды заманға, қоғамды қоғамға ұластыратын тұлғалар болады. Халық ондай адамдарды ұлы деп дәріптейді. Қазақ халқының тарихында да ондай ұлылар аз болған жоқ. Әдетте ондай адамдар көзі тірісінде емес, уақыт өте келе шынайы бағасын алып жатады. Бұл да тарихтың, адамзат қоғамының бұлжымайтын заңдылығы болса керек. Үлкенді көру үшін қашықтық қажет, ұлыны тану үшін уақыт керек. Бұл да жасандылықсыз, зорлықсыз, өз ретімен жасалатын іс.