Салтанат Әліпбаева
Мектеп • 05 Қазан, 2023
Бар шәкірттің жұлдызын жаққан ұстаз
Елімізде 5 қазанда ұстаздар күні аталып өтеді. Ұстаздық – мамандық атаулының төресі. Өйткені мұғалім барлық мамандық иелерін тәрбиелейтіндіктен «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп те айтылады. Сондықтан да ұстаздар қауымына күллі адам баласының құрметпен бас июі заңдылық. Шәкірт тәрбиелеуге бар ғұмырын арнаған ұстаздардың бірі − қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 35 жыл еңбек еткен педагог-зерттеуші санатындағы Әліпбаева Салтанат Нұраханқызы.