Сейілбек Үсенов
Таным • 04 Сәуір, 2021
Туған ел тарихын тану, ұлт тұлғаларын ұлықтау – маңызды міндет. Тәуелсіздік дәуірінде бұл бағытта атқарылған іс аз емес. Әсіресе кеңестік кезеңде тарих сахнасына шығып, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған бірегей тұлғаларымызды тану, олардың елге сіңірген еңбегіне лайықты баға беру үдерісі жүріп жатыр. Ал кешегісіне байыппен үңіліп, бүгінгісін бағамдаған, ертеңіне сеніммен қараған жұрттың қыр асатыны, ұрпағының руханият қайнарынан қана сусындайтыны ақиқат.