Сенат отырысы барысында
Сенат • 18 Сәуір, 2024
Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.