Серік Негимов
Пікір • 16 Қараша, 2023
Халықтың санымен бірге экономика да өсу керек - Серік Негимов
Бүгін ел тарихында елеулі оқиға болды. Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ақжолтай ақпаратты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сүйінші хабарды халқымыз зор қуанышпен қабылдады. Соның ішінде қоғам қайраткерлері мен желі белсенділері халықты құттықтауға асық. Осы орайда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Серік Негимов те жүрек жарды тілегін жеткізді.