Социалистік Қазақстан
Қазақстан • 25 Қазан, 2023
Қадыр Мырзалиев: 1990 жылғы 25 қазан күнгі 18 сағат 55 минөтті есімізге сақтайық
Егемендік декларациясы қабылданар тұста «Социалистік Қазақстан» газетінде тарихи құжат туралы бірқатар мақала жарияланды. Газеттің 1990 жылғы қазан айындағы шығарылымдарын ақтарып отырып соның бірнешеуіне көзіміз түсті. Мәселен басылымның 26 қазандағы нөмірі егемендігімізді сүйіншілеген. Газеттің маңдайшасына «Кеше, 1990 жылғы 25 қазанда, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің екінші сессиясы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендігің құтты болсын, елім!», деп жазылған. Парламенттегі тілшілер Г.Еңсепова мен Ә.Әлібековтың «Егемендік ел үміті еді» атты мақаласы бірінші бетке беріліпті.