Соғыс балалары
Қоғам • 06 Мамыр, 2021
Қазақстанда соғыс балаларының мәртебесі анықталды ма?
Соғыс ардагерлерінің қатары сиреп, балалық шағы соғыс жылдарына тура келген азаматтардың өзі 80 жасты еңсеріп қалды. Біз осыған дейін осы мәселені көтеріп, соғыс балаларының мәртебесін анықтаудың кезі келгенін жазғанбыз. Себебі Қазақстанда кейбір посткеңестік елдерден айырмашылығы соғыс балалары ерекше мәртебеге ие емес және жәрдемақы алмайды. Балалық шағын соғыс ұрлаған азаматтар тыл ардагерлері санатында да емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бүгін журналистермен кездескен кезде олардың соғыс ардагерлерімен теңестірілмеу себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz