Сырқаттанушылық төмендеді
Денсаулық • 23 Қаңтар, 2024
Екпе егу нәтижесінде қызылшамен сырқаттану деңгейі азайды
Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар оң динамикаға әкеліп, өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы айдың соңғы үш аптасында ел бойынша сырқаттану деңгейі 8%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.