Сүйінбай Аронұлы
Руханият • 29 Қаңтар, 2025
Сүйінбай Аронұлы – айтыс, суырыпсалмалық өнердің дүлдүлі. Ал оның ақындық мұрасы – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ең бір мәнді де мағыналы, соқталы саласы. Қазақ халқының ақындық өнерінің дамуына ерен еңбек сіңірген дүлдүл ақынның дүние есігін ашқанына биыл 210 жыл. Уақыт өткен сайын ақын шығармаларының көркемдік-эстетикалық байлығы мен құндылығы жарқырай түсіп, бүгінгі күннің қоғамдық-әлеуметтік мұрат-мүддесімен де, ақындық-азаматтық ізденістерімен де тығыз сабақтасып жатқан биік қадір-қасиетімен, сырын да, сынын да арттырып отырған асыл болмыс-бітімімен ерекшеленеді.