Тсу тасқыны
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Сенаторлардың су басқан өңірлерге сапары жалғасты
Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін және эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тұрғындармен кездесу барысында шығынды өтеу ережесі тұрғысында және мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.