Түстікбай тоғаны
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Бүтін ауылды аштықтан аман алып қалған жұмбақ тоған
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаталап ауылының аумағында ерекше тоған бар. Түстікбай аталатын тоғанды аты берілген ұста бас болып салған. Суы өрге қарай ағатын тоғанның өзгешелігі жалғыз бұл емес, ол 30-жылдардағы аштық тұсында бүкіл ауылды аман алып қалған деседі, деп хабарлайды Egemen.kz.