Фото: Мерей Қайнарұлы
Қазіргідей технология түрен салып тұрған уақыттың өзінде өрге қарай су жіберу - күрделі іс. Осындай машақаттың түйінін Түстікбай қарт өткен ғасырда-ақ тарқатқан. Физика заңдылығын айналып өткен тоған тарихын ауыл тұрғыны Заңғар Кәрімхан айтып берді.
«1931-1932 жылдары өзеннің жайдақ жері Жырғалы қыстағының өр жағынан бастап, қолмен тоған қазып, Китіңқара тауының бауырымен жүргізіп отырып, Талпындағы егіндікке су шығарған. Ол кезде техника күші жоқ, қалай салғаны жұмбақ. Түстікбай атаның басшылығымен ылди жерлерге кесек тасты қалап отырып, су жырып кетпейтіндей етіп арна жасаған. Арнаның су жүретін деңгейін сынап қойып, өлшеп отырған екен. Сол тоған күні бүгінге дейін «Түстікбай тоғаны» деп аталады», деді ауыл тұрғыны.
Тоғанның ұзындығы - 12 шақырым. 30-жылдары 80 гектар жерге егін егіп, адамдарды аштықтан аман алып қалған бұл тоғанның маңы киелі көрінеді.
Өңірдегі тілшіміз Мерей Қайнарұлы Жаңаталап ауылына жасаған сапары барысында білген ерекше тоған туралы толық «Түстікбай тоғаны» мақаласынан оқи аласыздар.