Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, холдинг алғаш рет барлық санат бойынша Scope 1, 2 және 3 шығарындыларының деректерін жариялады. Еншілес компаниялар «жасыл» жобаларды қаржыландыруды жалғастырып, топтың қызметі айтарлықтай әлеуметтік әсерге ие болып отыр.
ESG-бағалау кезінде холдингтің басқару жүйесі жоғары бағаланды:
- Басқару құрылымының ашықтығы;
- Шешім қабылдаудағы теңгерімділік;
- Тәуекелді басқарудың сенімді жүйелері;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған шаралар.
Айта кетейік, ESG-рейтингі компаниялардың экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық көрсеткіштерін, сонымен қатар тұрақты болашаққа қосқан үлесін көрсетеді.
Бұған дейін «Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жеткенін хабарлаған едік.