Тұсау кесу
Руханият • 11 Қаңтар, 2024
Баланың тұсауын кімдерге кестірмеген дұрыс?
Тұсаукесер − бала қаз тұрып, тәй-тәй қадам басқанда жасалатын ғұрып. Халқымыздың ежелден тұрмыста жіті ұстанып келе жатқан көне салты. Бұл үрдіс жаңа ғасырда да үзілмей жалғасын тауып келеді. Тұсаукесер рәсімінің түпкі мақсаты баланың өмір жолы ашық болсын, тағдырдың бұралаң жолында сүрінбесін деген ниеттен туған. Сондықтан бабаларымыз байырғы уақытта баланың тұсауын көлденең көк аттыға кестірмеген. Тіпті, белгілі бір адамдар тұсау кеспеу керек деп түйген.