ХВҚ миссиясы
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан ХВҚ-ның ұсынымдарын жоғары бағалайды - Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысымен кездесті. Ол Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.